Ислам революциясы жетекшісінің атынан Құмда аятолла Хаж Шейх Исхак Фаяздың қазасына байланысты жаназа мәжілісі өтеді
Бұл – парсы тіліндегі түпнұсқа мәтіннің аудармасы. Парсы тіліндегі түпнұсқа мәтін
Құрметті марджа аятолла Хаж Шейх Исхак Фаяздың қазасына байланысты жаназа мәжілісі бүгін кеште (жұма, 22 хордад) Ислам революциясының жетекшісі атынан Құмда өтеді. Рәсім ақшам және құптан намаздарынан кейін Хазірет Масуме (оған сәлем болсын) кесенесіндегі Имам Хомейни (Алла оны рақымына алсын) шәбестанында өтеді.