Ислам кеңесі мәжілісі төрағасының Ислам революциясының ардақты жетекшісімен кездесуі
Бұл – парсы тіліндегі түпнұсқа мәтіннің аудармасы. Парсы тіліндегі түпнұсқа мәтін
Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы доктор Мохаммад Бағер Галибаф Ислам революциясының ардақты жетекшісі Аятолла Сейед Моджтаба Хосейни Хаменеимен кездесіп, сұхбаттасты.
Кездесуде америкалық-сионистік жаудың әскери, экономикалық және когнитивтік соғысының соңғы барысы қаралып, елдің қуат құрамдастарын нығайту; Ислам кеңесі мәжілісі депутаттарының әлеуметтік ынтымақ пен ұлттық бірлікті сақтау және нығайтудағы, сондай-ақ оянған халықтың алаңдардағы жиындарға саналы әрі тежеуші қатысуын жалғастырудағы тиімді рөлі; үкімет пен мәжілістің халықтың экономикалық және тұрмыстық қиындықтарын шешу жолында ынтымақтасуға деген ықыласы; сондай-ақ елдің стратегиялық серіктестеріне қатысты істерді алға жылжыту қажеттігі атап өтілді.
Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы да бұл кездесуде халық өкілдерінің үшінші таңылған соғыс басталғаннан бергі қызметі және мәжілістің ел мәселелері мен қиындықтарын шешуге арналған ағымдағы және болашақ жоспарлары туралы баяндамалар ұсынды.