Ұлы Аятолла Хосейн Вахид Хорасанидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту үндеуі
Бұл – парсы тіліндегі түпнұсқа мәтіннің аудармасы. Парсы тіліндегі түпнұсқа мәтін
بسم الله الرّحمن الرّحیم
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.
Діни оқу орнының (хаузаның) ұлы ұстазы, хазірет Ұлы Аятолла Вахид Хорасанидің дүниеден өткені туралы хабар жетті. Ол кісі хаузада фиқһ және усул ілімдерін оқытудың басты тіректерінің бірі саналатын. Соңғы онжылдықтарда оның күн сайынғы екі дәрісі ең негізгі ғылыми жиындардың қатарында болды. Бұл дәрістерде оның өзінің зерттеушілік ізденістерімен қатар, Нәжеф әл-Әшраф хаузасының соңғы кезеңдердегі ең көрнекті ғалымдарының кейбірінің пікірлеріне деген байыпты, терең әрі қадірлей білетін ықыласы және оларды жетік меңгергені айқын көрініс табатын. Бұл қыр әрдайым ұлы ұстаздың шешен, жүйелі әрі берік баяндауымен ұштасып отырғандықтан, әрбір дәрісті ілім мен парасат іздеушілер үшін пайдалы әрі олжалы сағатқа айналдыратын. Бүгінде Құм хаузасындағы, тіпті еліміздің өзге де хаузаларындағы көптеген мұғалімдер мен ғалымдар, сондай-ақ түрлі елдердің бір топ дін өкілдері сол ұлы тұлғаның дәрісіне қатысу мәртебесін өздерінің ғылыми өмірбаянына жазады және барлығы оның сөзі мен ұстанымында қасиетті Масумдардың صلواتالله و سلامه علیهم اجمعین (Алланың салауаты мен сәлемі олардың баршасына болсын) пәк тұлғаларына деген шексіз берілгендіктің айқын әрі таза көрініс тапқанын тамсана еске алады. Сөзсіз, шариғат пен мазхаб жолындағы ұзақ әрі толассыз еңбектерінің арқасында ол кісінің мүминдер қауымы мен хаузалардың алдында ұлан-асыр ақысы бар, оны барша жұрт ұмытпай, оған шүкір етуі тиіс. Мен бұл қаза үшін мырзамыз Заман иесіне عجّلاللهتعالی فرجهالشّریف (Алла Тағала оның мәртебелі келуін жеделдетсін), діни оқу орындарына (хаузаларға), барлық мүминдерге, әсіресе оның қасиетті отбасына көңіл айтамын және Хақ Тағала جلّوعلا (Ол ұлы әрі биік) даргаһынан сол ұлы тұлғаның дәрежелерінің жоғары болуын сұраймын.
Сейед Моджтаба Хосейни Хаменеи
26 абан 1405 жыл
