1. Басты бет
  2. Жолдаулар
  3. 2026 жылғы 10 тамыз

Хужжатул-ислам уәл-муслимин Хосейн Таебтің Ислам революциясы сақшылары корпусының Мұстазъафтар Басиж ұйымының басшысы болып тағайындалуы

Бұл – парсы тіліндегі түпнұсқа мәтіннің аудармасы. Парсы тіліндегі түпнұсқа мәтін

بسم الله الرحمن الرحیم
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.

Хужжатул-ислам уәл-муслимин Хосейн Таеб

Генерал-майор Голамреза Солейманидің сионистік-американдық дұшпанның қолынан мақтанышты әрі асқақ шейіт болуын ескере отырып, сіздің жауапкершілігіңізді, біліктілігіңізді және құнды тәжірибеңізді назарға ала отырып, әрі Корпустың бас қолбасшысының ұсынысы бойынша сізді Ислам революциясы сақшылары корпусының Мұстазъафтар Басиж ұйымының басшысы лауазымына тағайындаймын.

Елдің жаңа талаптары мен жағдайларын ескере отырып, Корпустың бас қолбасшысының шешімдерін назарға ала отырып, мына талаптардың орындалуы күтіледі:

1. Оянған халықтың әрбір мүшесінің және миллиондаған жанқиярлар топтарының әлеуетін пайдалана отырып, қуатты әрі біртұтас Иран және Ислам революциясын қорғау бағытында «Әрбір ирандық – бір басижи» ұранын жүзеге асыру мақсатында Басиж бен қарсылық мәдениетін тереңдету және кеңейту

2. Дұшпанның қатерлеріне халыққа негізделген тойтарыс беру үшін халықтық ақпарат желісін нығайту, көрегендікті арттырумен қатар қажетті дағдылар мен оқытуды күшейту және жаңа технологияларды пайдалану

3. Мешітті өзек ете отырып, тиімді әлеуметтік қызметтерді дамыту мақсатында басқа билік, мемлекеттік және қоғамдық институттармен әрі ұйымдармен сындарлы әрі тиімді өзара әрекеттестік, жиһадшыл топтарды, түрлі топтар мен маһаллалардың Басижін кеңейту

4. Басижи мәдениетін бүкіл әлемде сионистік-американдық тәкаппарлыққа қарсы халықтық қарсылық пен табандылықтың үлгісі ретінде насихаттау

Мырзамыздың (Алла Тағала оның келуін жеделдетсін) назары мен дұғалары сіздің және барлық қадірлі басижилердің табыстарының күн сайын артуына себеп болады деп үміттенемін.

Сейед Моджтаба Хосейни Хаменеи