Доктор Мохсен Резаидің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы кеңестегі Революция жетекшісінің өкілі болып тағайындалуы
Бұл – парсы тіліндегі түпнұсқа мәтіннің аудармасы. Парсы тіліндегі түпнұсқа мәтін
بسم الله الرحمن الرحیم
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.
Қадірлі бауырым, доктор Мохсен Резаи мырза
Құнды тәжірибеңізді ескере отырып, осы арқылы сегіз жылдық қасиетті қорғаныстың мақтанышқа толы кезеңінің алғашқы қатарындағылардың бірі болған сізді Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы кеңестегі өз өкілім етіп тағайындаймын. Бұл маңызды міндетті атқаруда толық табысқа жетесіз деп үміттенемін.
Сонымен қатар қадірлі бауырым доктор Мохаммад Бағер Зольқадр мырзаның күндіз-түні атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріледі.
Алла қаласа, мырзамыз Бақиййату-Аллаһ әл-Аъзамның – Алла Тағала оның мүбәрак келуін жақындатсын – назарының аясында абыройлы Иран ұлты үшін әрдайым мүджаһид сарбаз болғайсыз.
Сейід Моджтаба Хаменеи