1. Басты бет
  2. Жолдаулар
  3. 2026 жылғы 5 қараша

Ислам революциясы жетекшісінің өкілдері Аятолла Вахид Хорасаниге ауруханада көңіл сұрады

Бұл – парсы тіліндегі түпнұсқа мәтіннің аудармасы. Парсы тіліндегі түпнұсқа мәтін

Ислам революциясының ардақты жетекшісінің атынан келген делегация бүгін кешке ауруханада жатқан Аятолла Вахид Хорасаниге барып, көңіл сұрады.

Хужжатул-ислам уәл-муслимин Рахимиан, Мохаммади Ераки және Хаж-Әли-Акбари бүгін кешке Тегерандағы ауруханалардың біріне барып, Ислам революциясының ардақты жетекшісінің сәлемі мен дұғасын жеткізді әрі ұлы мәржағ-тақлидтердің бірі Аятолла Вахид Хорасанидің емделу барысымен танысты.

Аятолла Вахид Хорасани науқастануына байланысты ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде жатыр.