Сақшы ұшқыш генерал-майор Әли Абдоллахидің Қарулы күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалуы
Бұл – парсы тіліндегі түпнұсқа мәтіннің аудармасы. Парсы тіліндегі түпнұсқа мәтін
بسم الله الرحمن الرحیم
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.
Сақшы ұшқыш генерал-майор Әли Абдоллахи
Шейіт генерал-лейтенант Сейед Абдолрахим Мусавидің сионистік-американдық дұшпанның қолынан мақтанышты әрі асқақ шейіт болуын ескере отырып, сондай-ақ сіздің лайықты қызметіңіз бен құнды тәжірибеңізді назарға ала отырып, сізді Қарулы күштер Бас штабының бастығы лауазымына тағайындаймын.
Мына талаптардың барынша толық орындалуы күтіледі:
1. Қарулы күштер мен халықтық Басиждің қорғаныс-қауіпсіздік мүмкіндіктері мен жан-жақты әрі заманауи дайындығын арттыру
2. Иран Ислам Республикасының қасиетті жүйесіне қарсы бағытталған дәстүрлі және жаңа әскери, когнитивтік және гибридтік қатерлердің кез келген деңгейі мен түріне дер кезінде, революциялық әрі тиімді жауап беру мүмкіндігін қамтамасыз ету
3. Шейіт Имамның (Алла Тағала оған разы болсын) шешіміне негізделген Қарулы күштер Бас штабы мен «Хатам әл-Анбия» (с.ғ.с.) орталық штабын біріктіру үдерісін аяқтау
Алланың рақымымен және мырзамыздың (Алла Тағала оның келуін жеделдетсін) игілік пен берекеге толы дұғаларының саясында ислами жүйенің барлық қарулы күштері үшін табыстар еселеніп, түрлі жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізіледі деп үміттенемін.
Сейед Моджтаба Хосейни Хаменеи