Парсы шығанағының ұлттық күніне орай үндеу
Бұл – парсы тіліндегі түпнұсқа мәтіннің аудармасы. Парсы тіліндегі түпнұсқа мәтін
بسماللهالرحمنالرحیم
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.
Ұлы Алланың өңіріміздегі мұсылман халықтарына, әсіресе Ислам Иранының ардақты халқына берген теңдессіз нығметтерінің бірі – «Парсы шығанағы» сыйы. Бұл – біздің болмысымыз бен өркениетіміздің бір бөлігін қалыптастырған, халықтарды байланыстыратын тораппен қатар Ормуз бұғазында және одан әрі Оман теңізінде әлемдік экономиканың өмірлік маңызы бар әрі бірегей жолын қалыптастырған су айдынынан да ауқымды нығмет.
Бұл стратегиялық байлық өткен ғасырларда көптеген шайтандардың ашкөздігін оятты; еуропалық және америкалық бөгделердің қайта-қайта басып кіруінің, өңір елдеріне төнген қауіпсіздіктің жоқтығы, шығындар мен сан алуан қатерлердің тарихы әлемдік менмендердің Парсы шығанағы өңірінің тұрғындарына қарсы сұрқия жоспарларының бір парасы ғана, оның ең соңғы мысалы Ұлы шайтанның жақындағы бұзақылықтары болды.
Парсы шығанағы жағалауының ең ұзын құрлық бөлігіне ие Иран ұлты Парсы шығанағының тәуелсіздігі жолында және бөгделер мен басқыншыларға қарсы тұруда ең көп құрбандық берген халық; ордибехешт айының 10-ын Парсы шығанағының ұлттық күні деп атауға негіз болған португалдарды қуып шығу мен Ормуз бұғазын азат етуден бастап, голланд отаршылдығына қарсы күрес және ағылшын отаршылдығына қарсы қарсыласу ерліктеріне дейін және т.б. Алайда Ислам революциясы менмендердің қолын Парсы шығанағы өңірінен аулақтатуда бұл қарсыласулардың бетбұрыс кезеңі болды, ал бүгін әлемдегі зорлықшылардың өңірдегі ең ірі әскери жорығы мен басқыншылығынан және Американың өз жоспарында масқара жеңіліске ұшырауынан екі ай өткенде Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазының жаңа тарауы жазылып жатыр.
Ұзақ жылдар бойы билеушілердің зорлықшылар мен басқыншылар алдындағы үнсіздігі мен қорлыққа көнуіне үйреніп қалған Парсы шығанағы өңірінің халықтары соңғы алпыс күнде армия мен Сақшылар корпусының әскери-теңіз күштерінің батыр ерлерінің қайсарлығының, сергектігі мен күресінің әсем көріністерін қадірлі Иранның оңтүстік өлкесі халқы мен жастарының намысы мен ерлігімен қатар бөгделердің үстемдігін жоққа шығаруда өз көздерімен көрді.
Бүгін Ұлы да Асқақ Хақ Тағаланың ілтипатымен және үшінші таңылған соғыстың жазықсыз шейіттерінің, әсіресе Ислам революциясының ұлы мәртебелі әрі көреген жетекшісінің – Алла оның мәртебесін биіктете берсін – қанының берекесімен тек әлемдік қоғамдық пікір мен өңір халықтары арасында ғана емес, тіпті елдердің сұлтандары мен билеушілері үшін де америкалық бөгделердің болуы және олардың Парсы шығанағы жерлерінде ұя салып, орнығуы өңірдегі қауіпсіздіктің жоқтығының басты себебі екені, ал Американың жалған базаларының тіпті өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамасы жоқ екені дәлелденді; Американың өңірдегі тәуелділер мен Америкаға табынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне үміт арту былай тұрсын.
Алланың күші мен құдіретімен Парсы шығанағы өңірінің жарқын болашағы Америкасыз, оның халықтарының дамуына, тыныштығы мен әл-ауқатына қызмет ететін болашақ болады. Біз Парсы шығанағы мен Оман теңізінің су айдынындағы көршілерімізбен «тағдырлас» елміз, ал мыңдаған шақырым қашықтықтан келіп, онда ашкөздікпен бүлік шығаратын бөгделердің онда орны жоқ, тек оның суларының түбінде ғана болмаса. Мейірімді әрі Ұлы Раббымыздың мейірімімен қарсыласу шешімдері мен саясаттары және қуатты Иран стратегиясы аясында жүзеге асқан бұл жеңістер тізбегі өңір мен әлемнің жаңа тәртібінің бастамасы болмақ.
Бүгін Иран ұлтының ғажайыптай серпілісі сионизм мен қанішер Америкаға қарсы күресте жанын пида етуге дайын ондаған миллион адаммен шектеліп қалған жоқ; көтерілген Ислам үмбетінің тұтас сапының алдыңғы қатарында ел ішіндегі және шетелдегі тоқсан миллион намысты әрі ардақты ирандық отандас болмыстық, рухани, адами, ғылыми, өнеркәсіптік әлеуеттердің барлығын және іргелі әрі жаңа технологияларды – нано және биотехнологиядан бастап ядролық және зымыран технологияларына дейін – өздерінің ұлттық байлығы деп санап, оларды су, құрлық және әуе шекаралары сияқты қорғайтын болады.
Ислам Ираны Ормуз бұғазын басқару нығметіне іс жүзінде шүкір ете отырып, Парсы шығанағы өңірін қауіпсіз етеді және жау пиғылды дұшпанның бұл су жолын теріс пайдалануына біржола тосқауыл қояды. Ормуз бұғазының құқықтық ережелері мен жаңа басқару тәртібі өңірдің барлық халықтарының пайдасына тыныштық пен даму әкеледі, ал оның экономикалық игіліктері ұлттың көңілін қуантады; بِاِذنِ الله وَلَو کَرِهَ الکافرون (Алланың рұқсатымен, кәпірлер жек көрсе де).
Сейід Моджтаба Хосейни Хаменеи
10 ордибехешт 1405 жыл