Шейіт Раиси қаза тапқанының екінші жылдығы және қызмет шейіттерін еске алуға орай үндеу
Бұл – парсы тіліндегі түпнұсқа мәтіннің аудармасы. Парсы тіліндегі түпнұсқа мәтін
بسمالله الرّحمن الرّحیم
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.
Ордибехешт айындағы әуе сапарының шейіттерін және олардың басында шейіт президент хұжжат әл-ислам уә әл-муслимин Раисиді еске алу Иран Ислам Республикасындағы қызмет еткен шейіттердің көп легінің шейіт болғанын еске салады; Мотаххари мен Бехештиден, Раджаи мен Бахонардан бастап Раиси, Әл-Хашим, Амир Абдоллахиан мен Лариджаниге дейін – Ұлы Хомейни мен қадірлі Хаменеи – Алла олардың мәртебесін биіктете берсін – мектебінде тәрбиеленген жүздеген көрнекті тұлға Ислам Республикасы лауазымды тұлғаларының шынайы әрі мүджаһидтік қызметінің кітабын өздерінің қанды қолтаңбасымен безендірді.
Шейіт Раисидің айқын қасиеттерінің қатарына жауапкершілікті мойнына алуын, жастарға арқа сүйеуін, әділдікке мән беруін, белсенді әрі пайдалы дипломатиясын және әсіресе халықшылдығын жатқызуға болады. Бұл қасиеттер Иранның достарының, соның ішінде қуатты Қарсыласу майданының мүджаһидтерінің және жүйеге жаны ашитын көптеген адамдардың көңілін көтеретін. Әрине, мұның барлығы оның жан түкпірінде тамыр жайған руханилықпен астасып жатты. Лауазымды тұлғалар мен халық арасындағы қарым-қатынаста ықпалды оң қасиеттер өзара алғысқа себеп болады. Міне, сондықтан оны мырзасы әрі қызмет еткен иесі Әбул-Хасан әр-Ризаның (Алланың салауаты мен сәлемі оған болсын) жанына дейін шығарып салу сирек кездесетін салтанатпен өтті. Сол шейіттің аяқталмай қалған президенттік кезеңі ел тәуелсіздігін сақтай отырып, ұлт пен ел үшін еңбек пен жанашырлықтың өлшемін көрсетті.
Қазір біз Иран ұлтының екі әлемдік террористік армияға қарсы тарихтағы теңдессіз қарсыласудағы ерліктерінің алдында тұрмыз. Бұл Ислам Республикасының лауазымды тұлғаларының – көшбасшылықтан және билік тармақтарының басшыларынан бастап басшылардың барлық деңгейлеріне дейін – міндет жүгін бұрынғыдан да ауырлата түседі. Бүгін ұлт пен мемлекеттің және Ислам Республикасының барлық мекемелерінің ынтымағы нығметіне шүкір ету – лауазымды тұлғалардың ынтасын арттыру мен еселенген әрі мүджаһидтік қызметінде, халықтың мәселелері мен алаңдаушылықтарын, әсіресе экономика мен тұрмыс саласында шешуде, жергілікті жерлерде тікелей болуда, сондай-ақ серпілген халық үшін елдің дамуы мен жарқын болашаққа үмітпен қадам басу жолында байыпты рөл белгілеуде көрінеді.
Қызмет жолындағы шейіттерге Алланың рақымы мен ризалығы болсын, ал Алланың жәрдемі мен мырзамыздың – Алла Тағала оның мүбәрак келуін жақындатсын – дұғасы Иранның мұсылман халқына қызмет етушілерге тірек болсын.
Сейід Моджтаба Хосейни Хаменеи
30 ордибехешт 1405 жыл