1. Басты бет
  2. Жолдаулар
  3. 2026 жылғы 17 наурыз

Мұстазъафтар Басиж ұйымының қолбасшысы, шейіт сақшы генерал-майор Голамреза Солейманидің шейіт болуына байланысты үндеу

Бұл – парсы тіліндегі түпнұсқа мәтіннің аудармасы. Парсы тіліндегі түпнұсқа мәтін

بسم الله الرّحمن الرّحیم
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.

مِنَ المُؤمِنینَ رِجالٌ صَدَقوا ما عاهَدوا اللهَ علیهِ فَمِنهُم مَن قَضی نَحبَهُ وَ مِنهُم مَن یَنتَظِرُ وَ ما بَدَّلوا تَبدیلاً
Мүміндердің арасында Аллаға берген уәделеріне адал болған ер азаматтар бар. Олардың кейбірі сертін орындады (шейіт болды), ал кейбірі күтуде. Олар уәделерін еш өзгерткен жоқ. (Құран, Ахзаб сүресі, 33:23)

Мұстазъафтар Басижының басшысы генерал-майор Голамреза Солейманидің шейіт болғаны туралы ауыр хабар қатты қайғы мен өкініш туғызды. Ол ертеден Алла жолындағы күрес майданында белсенді болып, осы жолда көптеген тәжірибе жинаған еді. Бұл мұжахид қолбасшының террорға ұшырауы Басиждің зор маңызын және кекшіл, пасық дұшпанның онымен бетпе-бет келуден қатты қорқатынын еске салады.

Мен бұл ауыр қазаға байланысты сол асқақ мәртебелі шейіттің құрметті отбасына, оның Ислам революциясы сақшылары корпусындағы барлық әріптестеріне және өзім олардың ең кішісі болып табылатын барлық қадірлі басижшыларға көңіл айтамын әрі Алла Тағала сол ардақты жанға биік мәртебе нәсіп етеді деп үміттенемін.

Сейід Моджтаба Хосейни Хаменеи
26 эсфанд 1404 жыл