1. Басты бет
  2. Жолдаулар
  3. 2026 жылғы 6 сәуір

Генерал-майор Сейед Маджид Хадемидің шейіт болуына байланысты үндеу

Бұл – парсы тіліндегі түпнұсқа мәтіннің аудармасы. Парсы тіліндегі түпнұсқа мәтін

بسم الله الرّحمن الرّحیم
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.

مِنَ الْمُؤْمِنِينَ رِجَالٌ صَدَقُوا مَا عَاهَدُوا اللهَ عَلَيْهِ فَمِنْهُمْ مَنْ قَضَى نَحْبَهُ وَمِنْهُمْ مَنْ يَنْتَظِرُ وَمَا بَدَّلُوا تَبْدِيلًا (1)
Мүміндердің арасында Аллаға берген уәделеріне адал болған ер азаматтар бар. Олардың кейбірі өз мерзімін өтеді, ал кейбірі күтуде. Олар уәделерін еш өзгерткен жоқ. (Құран, Ахзаб сүресі, 33:23)

Ислами Иранның халқы мен намысты жауынгерлеріне қарсы таңылған соғыста және өзінің зұлым жоспарларында бірінен соң бірі жеңіліске ұшырап келе жатқан американдық-сионистік дұшпан тағы да сионистік терроризмнің әдеттегі құралына жүгініп, елдің барлау және қауіпсіздік қауымдастығының қолбасшыларының бірін өлтірді. Бірнеше онжылдық бойы елдің қауіпсіздік, барлау және қорғаныс салаларында көптеген үнсіз еңбек сіңірген сақшы генерал-майор Сейед Маджид Хадеми шейіттік бақытына қол жеткізді. Алайда ислами Иранда ақиқат пен шындық жолындағы жауынгерлер мен мүжәһидтердің және жанқияр қарулы күштердің берік сапы соншалықты биік сапқа әрі «бір-біріне жалғанған берік ғимаратқа» айналды, террор мен қылмыс олардың жиһадшыл мұратына ешқандай нұқсан келтіре алмайды.

Осы белгісіз әрі батыл қолбасшының шейіт болуымен оның құрметті отбасын, майдандас серіктерін және Ислам революциясы сақшылары корпусының Барлау ұйымының қолбасшыларын құттықтаймын әрі көңіл айтамын, сондай-ақ жомарт Алладан оның мәртебесінің жоғары болуын сұраймын.

Сейед Моджтаба Хосейни Хаменеи
17 фарвардин 1405 жыл

1) Ахзаб сүресі, 23-аят