Иран Ислам Республикасы күні мен Табиғат күніне орай үндеу
Бұл – парсы тіліндегі түпнұсқа мәтіннің аудармасы. Парсы тіліндегі түпнұсқа мәтін
بسمالله الرحمن الرحیم
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.
هُوَ أَنشَأَکُم مِنَ الأَرضِ وَاستَعمَرَکُم فیها
Сендерді жерден жаратқан және сендерді онда қоныстандырып, оны көркейтуді тапсырған – Сол (Құран, Һуд 11:61).
Қаһарман Иран ұлты биылғы Наурызды ерлік пен намыспен ұштастырды және фарвардиннің 12-сін – Иран Ислам Республикасы күнін атап өткеннен кейін Табиғат күнін қарсы алуға бет алды. Қазір жасық әрі мейірімсіз америкалық және сионистік жау өзінің жыртқыштығында адамдық, адамгершілік және тіршілікке қатысты ешқандай шек білмей, тіпті қадірлі Отанымыздың табиғи және экологиялық кеңістіктеріне де шабуыл жасап, зиян келтірген кезде Иранның көркеюін кеңейту және жарқын болашағын құру жолындағы кез келген қадам лайықты әрі қажетті іс болып табылады. Осы құптарлық істердің бірі – халықтың барлық өкілдері барлық қалалар мен ауылдарда бір-біріне көмектесіп, тиісті мекемелермен бірлесіп әрі келісе отырып, Табиғат күнінен көктемнің соңына дейін, әсіресе фарвардин айының күндерінде жеміс ағаштарын отырғызып, кейін оларға қажетті күтім жасауы. Балаларды өлтіруші америкалық және сионистік әзәзілдер «Шажара Таййиба» мектебінің бүлдіршіндерін жабайылықпен шейіт етті; ал Иран ұлты барлық шейіттердің, әсіресе үшінші таңылған соғыс шейіттерінің ниетімен өз жерінің кең байтағына үміт көшетін отырғызады, сонда бұл көшеттердің әрқайсысы алдағы жылдары пәк ағашқа және жемісі мол бәйтерекке айналады, Алла қаласа.
Сейід Моджтаба Хосейни Хаменеи
12 фарвардин 1405 жыл